×

Қазақстан Париж Паралимпиадасына рекордтық жолдама алды

Әлемдік дода он күннен кейін басталады

 Қымбат Елтайқызы 18.08.2024 | 16:05
фото: olympic.kz

Бүгін – Спорт күні. Осыған орай, Туризм және спорт министрлігі спортқа қатысты бірқатар қызықты дерек жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылы спорт және дене шынықтырумен айналысатын ерекше қажеттілігі бар адамдар саны 56 822-ні құрады.

10 күннен кейін Парижде XVII жазғы Паралимпиада басталады. Бұл жолы Қазақстан құрамасы рекордтық жолдамаға ие болды. Біздің құрама спорттың 9 түрінен (паражүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэде есу, пара таэквондо, волейболды отырып ойнау – ерлер, пара ату, пара үстел теннисі, пара дзюдо) 33 лицензия иеленді. Жалпы, 44 спортшы Парижге барады, – деп қосты министрлік.

Айта кету керек, Қазақстан каноэде есу (әйел), үстел теннисі мен волейболды отырып ойнаудан алғаш рет лицензия жеңіп алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама