Таеквондошылар Олимпиададан жүлдесіз оралған еді
Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қазақстандық таеквондошылар Париж Олимпиадасында жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.
Федерация басшысымен бірге вице-президенттер Қанат Сағынаев, Шадияр Қондыбаев, Арман Шылманов және бас хатшы Олжас Бесбаев қызметтерінен кетеді, – деді Olympic.kz.
Бұған дейін еліміздің бокс федерациясы бапкерлер құрамын таратқан болатын.