×

Абиба Әбужақыноваға электр көлігі сыйға берілді

Тағы бір дзюдошы Эсмигуль Куюловаға да осындай көлік тарту етілді

 Қымбат Елтайқызы 17.08.2024 | 15:20
фото: instagram/abiba48

Париж Олимпиадасында ел намысын қорғаған дзюдошылар Абиба Әбужақынова мен Эсмигуль Куюловаға электр қуатымен жүретін көліктер сыйға берілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Атырау облысында тарту етілген көлікпен бірге VIP нөмірі де берілді. Қос спортшыға көлікті облыс әкімі Серік Шәпкенов табыстады.

Жығылғанда жанымнан табылған жанашырлар, бәріңізге рахмет. Атыраулық жанашыр-жанкүйерлеріме көп рахмет айтамын! Мейіржан Есмағамбетов бапкерім, спорт мансабымда өзіңіздің орныңыз ерекше. Жеңісте де, жеңілісте де қасымнан табылып, мені бар құрметке лайық көргеніңізге рахмет! Осындай қолдаудан кейін менің сынуға, жеңілуге, налуға және күреспеуге құқығым жоқ деп ойлаймын! Мен әлі-ақ жарқ етемін, – деп жазды Әбужақынова әлеуметтік желідегі парағында.

Абиба Әбужақынова Олимпиадада 48 келіде сынға түсті. Ол қола жүлде үшін тартыста швециялық балуаннан ұтылып қалды. Ал Эсмигуль Куюлова алғашқы айналымда сүрінді.

Бұған дейін Әбужақыноваға тағы бір көлік тарту етілгені жайлы жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама