×

Спорт күніне орай елімізде түрлі жарыс өтеді

Олардың саны 200-ден асады

 Қымбат Елтайқызы 17.08.2024 | 10:40
фото: Halyq Uni

Қазақстанда Спорт күніне орай бірнеше спорттық іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Елімізде жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде Спорт күні аталып өтеді. Осы атаулы күнге орай Қазақстанның барлық өңірінде спорттық сайыстар, қойылымдар, марафондар, көңілді старттар мен басқа да бұқаралық шаралар ұйымдастырылады, деп мәлімдеді Туризм және спорт министрлігі.

Биыл республика бойынша осы күнге орай 200-ден астам іс-шара өтеді. Соның ішінде елорда тұрғындары мен қонақтары 20-ға жуық спорттық шараға қатыса алады, – деп қосты ведомство.

Мәселен, City Rogaine жаяу жүру және жүгіру бойынша командалық ашық қалалық жарыс, саябақтарда Funny Sport марафоны, шағын футбол матчы, Orange ball турнирі ішкі теннис сайысы, қала тұрғындары арасында жаппай веложарыс, Триатлон саябағында балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Былғары доп» футбол біріншілігі, Streetball-дан балалар әрі жасөспірімдер арасындағы қалалық чемпионат және тағы басқа сайыстар ұйымдастырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама