Halyq Uni логотип
×

Қазақстандағы шетелдік мамандардың 70%-ның жоғары білімі жоқ

Экспаттардың 98%-ның ғылыми дәрежесі жоқ

 Ая Өміртай 10.08.2022 | 10:09
Қазақстандағы шетелдік мамандардың 70%-ның жоғары білімі жоқ
Коллаж: Halyq Uni

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 16 мың шетел азаматы жұмыс істейді. Halyq Uni тілшісі Қазақстан аумағында қызмет ететін шетел азаматтарының білім деңгейіне қатысты Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне ресми сауал жолдады.

Ведомствоның мәліметінше, еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 587 адам, Түркия – 1 820 адам, Үндістан – 1 691 адам, Өзбекстан – 1 563 адам, Ұлыбритания – 1 123 адам.

Олардың орташа жасы 49-52 жас аралығында.

Шетелдік жұмыскер мамандардың ең жасы 21-де, Үндістан азаматы.

Екінші санаттағы басшылар мен мамандар арасында орта есеппен 2,8 пайызының бакалавр деңгейі, 1,4 пайызының магистрлік және PhD дәрежесі бар.

Жалпы, еңбек мигранттары келетін негізгі бес елден 9784 шетелдік келді десек, солардың 2973-і ғана жоғары кәсіптік, бакалавр, магистратура немесе докторантура тәмамдаған. Қалған 70 пайызының жоғары білімі жоқ.

Еліміздегі компанияларда бірінші басшылар мен олардың орынбасары болып жалпы саны 603 шетел азаматы жұмыс істейді.

Сондай-ақ, шетелден келген бірінші санаттағы басшылар арасындағы ең үлкені 75 жаста, Үндістаннан келген. Ал ең жас басшы 29 жастағы қытайлық. Орташа жасы 49-53 жас аралығында.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. Осы жылғы қаңтарда министрлік шетел жұмыс күшін тартуға арналған квотаны 4 792 адамға (16%) қысқартты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сауалдағы экспаттар арасында сотталғандар бар ма деген сұрағымызға жауап берген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама