Halyq Uni логотип
×

Шетелден спортшы әкелу. Олимпиада жүлделерінің нешеуін кірме спортшылар алып берді?

Барлығы 73 жүлденің 17-сі сырттан келгендердің еншісінде

 Ербол Тұрымбет 21.07.2022 | 12:49
Шетелден спортшы әкелу. Олимпиада жүлделерінің нешеуін кірме спортшылар алып берді?
Коллаж: Halyq Uni

АҚШ-та өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында кениялық қыз Тануи Нора Джерутоның Қазақстан үшін тарихи жеңіс әкелгені қызу талқыға түсіп жатыр. Өйткені, бұл әлем чемпионаттарындағы алғашқы алтын. Ол туралы өткен материалда жазған едік. 

Нора Джеруто әлемдік додаға Қазақстан атынан қатысып келе жатқан шетелдіктердің басы да емес, соңы да болмаса керек. Кәсіби спортта Қазақстан туын көтеріп жүргендерді бұған дейін жазған едік. Шын мәнінде кірме спортшылар Олимпиада ойындарында да көптеп жүлде алған. Бұл жолы соларға тоқталамыз.

Қазақстан дербес ел ретінде Олимпиада ойындарына 1994 жылдан бастап қатыса бастады. Лиллехаммерде өткен XVII қысқы Олимпиада ойындарында жерлесіміз шаңғышы Владимир Смирнов үш түрлі қашықтықта бір алтын, екі күміс олжалап қайтқан еді. Содан бергі бүкіл Олимпиада ойындарында ел атынан сынға түскен спортшыларымыз 73 жүлде жеңіп алды. Бірақ соның 17-сі сырттан келген спорт шеберлерінің еншісінде. Допинг дауына шатылып, жүлдесінен айрылғандарды есепке алмағанның өзінде осындай.

Қазақстандық балуандар арасында әлі күнге дейін жалғыз Олимпиада чемпионы болып келе жатқан Юрий Мельниченконың өзі Қырғызстанда дүниеге келген. Спорттағы алғашқы жетістері де сол жақта басталған. Тек 1993 жылы «Дәулет» спорт клубына ауысқаннан кейін барып, азаматтық алып, Қазақстан атынан шыға бастады.
Қазақстан азаматтығын алып, төртжылдық додаларда ел атын шығарған тағы қандай спортшыларды білеміз? Мынадай тізім шықты:

Атланта, 1996
•    Юрий Мельниченко, грек-рим күресі, 57 келі, алтын, Қырғызстан 
•    Беляев Сергей, оқ ату, күміс, Өзбекстан. 2020 жылы қыркүйекте 60 жасында қайтыс болды.

Афины, 2004
•    Георгий Цурцумия, грек-рим күресі, 120 келі, Грузия
•    Геннадий Лалиев, еркін күрес, 74 келі, күміс, Грузия
•    Мкхитар Манукян, грек-рим күресі, 66 келі, Армения

Бейжің, 2008
•    Алла Важенина, ауыр атлетика, 75 келі, алтын, Ресей
•    Марид Муталимов, еркін күрес, 120 келі, қола, Ресей

Ванкувер, 2010
•    Елена Хрусталева, Биатлон, жекелей сын, 15 км, Ресей. Қазақстанның сол Олимпиададағы жалғыз жүлдесі

Лондон, 2012
•    Даниял Гаджиев, грек-рим күресі, 84 келі, қола, Ресей
•    Гузель Манюрова, әйелдер күресі, 72 келі, қола, Мордовия

Рио-де-Жанейро, 2016
•    Нижат Рахимов, ауыр атлетика, 77 келі, Әзербайжан
•    Гузель Манюрова, әйелдер күресі, 75 келі, күміс, Мордовия
•    Отгонцэцэг Галбадрах, дзю-до, 48 келі, қола, Моңғолия
•    Александр Зайчиков, ауыр атлетика, 105, қола, Беларусь
•    Фархад Харки, ауыр атлетика, 62 келі, қола, Қытай

Токио, 2021
•    Зульфия Чиншанло, ауыр атлетика, 55 келі, қола, Қытай
•    Нұрислам Санаев, еркін күрес, 57 келі, қола, Ресей

Серіктес жаңалықтары

Сараптама