Halyq Uni логотип
×

Азаматтық қоғамда ақша жымқырғыш ұйымдар көбейіп кеткен – сарапшы

«Sarap» эксперттік клубы жылдық қорытындысын жасады

 Ербол Тұрымбет 12.12.2024 | 14:33
Азаматтық қоғамда ақша жымқырғыш ұйымдар көбейіп кеткен – сарапшы
Коллаж: ЖИ-мен жасалды

Қазақстанда азаматтық қоғам белсенділігі жылу жинау, азық-түлікпен көмектесу секілді қайырымдылық бағытта өрбіп барады. Алайда қоғамның үкіметтік емес ұйымдарға интеллектуалдық көмек көрсетуі немесе үлкен әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларға қатысуы мардымсыз. Бұл туралы «Sarap» эксперттік клубының биылғы қорытынды жиынында айтылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Клуб сарапшыларының айтуынша, көбіне қоғамның мемлекеттік интитуттарға деген сенім деңгейі бойынша зерттеу жасалып келеді. Ал бұл жолы солардың қатарында қазақстандықтардың азаматтық қоғам ұйымдарына сенім деңгейі қандай екені зерттелген. Зерттей келгенде, азаматтық қоғамның аталған екі бағыттағы сенім деңгейі айтарлықтай жоғары әрі партиялар болсын, кәсіпорындар болсын – солардың деңгейіне шамалас болып шыққан.

Зерттеуге қатысқан ҮЕҰ секторының көтерген негізгі мәселелерінің бірі, осы секторда жас жаңа лидерлердің азайып кеткен. Сондықтан, оларды біртіндеп тәрбиелеп, осы салаға баулу күн өзекті мәселеге айналған.

Әсіресе, қоғамда белсенді азаматтар қатары көбейген. Тіпті, кей жағдайда олар әлеуметтік желі арқылы мәселе көтеру тұрғысынан ҮЕҰ-лардан да асып түсіп жатады. Сондықтан қоғам белсенділері де азаматтық қоғамның бір парасы болып қалыптасқан.

Дегенмен, ҮЕҰ-лардың өз басына қатысты түйіткілді жайттар да аз емес. Мәселен, КАМЕДА зерттеу және консалтинг орталығының атқарушы директоры Махаббат Еспенованың айтуынша, соңғы кездері қоғамдағы азаматтық белсенділіктің жоғары болуы қаражат жинау, азық-түлікпен көмектесу секілді қайырымдылық бағытта өрбіп барады. Ал ҮЕҰ-ға қоғамның интеллектуалдық көмек көрсетуі мен PRO Bono бастамалары немесе үлкен әлеуметтік жобалар мен бағдарламаға қатысуы мардымсыз.

Шындығында, біздегі ҮЕҰ-дар негізінен, қызмет көрсетуші ұйымдар.  Алайда сараптамамен айналысатын, қоғам мүдделерін көздейтін (адвокация) ұйым өте аз, оларды саусақпен санауға болады. Құжаттарды қарап, мониторинг жүргізіп, құқықтардың сақталуын, конвенциялардың орындалуын қадағалаумен айналысатын ұйымдар жеткіліксіз, – дейді ол.

Сондай-ақ, ол тәуелсіз сараптама ұйымдарының түрлі жеңілдіктен құр қалатынын да мәселе ретінде қарастыратынына айтты. Оның сөзінше, пандемия кезінде бизнес салық пен түрлі төлемнен босатылған. Ал ҮЕҰ-ларда ондай жеңілдік мүлде болмаған. Жастарға арналған баспана секілді түрлі мемлекеттік бағдарламаға ҮЕҰ-да жұмыс істейтін адам қатыса алмайды. Мұның барлығын «Коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдар туралы» заңның болмауынан көреді. 

ҮЕҰ-лардың несие ала алмауы да үлкен мәселе. Кейбір ұйымдардың қаражат айналымы кейбір ЖК мен ЖШС-дан асып түседі. Бірақ соған қарамастан, несие ала алмайды. Бұл да материалдық-техникалық базаның жетілмеуіне бір себеп. Тағы бір мәселе, азаматтық корпус қаншама ұсыныс береді, бірақ олар орындалмалмастан қалады. Жиналып іштегісін шығарып айтсын, сонымен бітсін дегендей әсер қалдырады, – дейді сарапшы.

Жиында сөз болған тағы бір өзекті жайт, ҮЕҰ-дың көпшілігі өздерін мемлекеттік органдардан жапа шегуші ретінде көрсетуді әдетке айналдыруы.

«Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс туралы» заңда талаптар өзгеріп, қаражаты жоқ ұйымдар үшін қолайлы жағдай туа бастағанда көптеген ақша жымқырушы ұйымсымақ пайда болды. Біз оларды «стиралка» деп атап кеткенбіз. Мәселен, бір ұйым бар, Қазақстан бойынша 117 жоба жүзеге асырып жатыр, ал командасында 3-4 адам ғана бар. Бұлай болуы мүмкін емес. Бұл дегеніңіз, ақша жымқыру, – дейді Махаббат Мақсұтқызы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама