×

Пандемия өршіген тұста Қазақстанда бала туу саны айтарлықтай өскен

Жаңа туған 10 баланың 3-еуі көпбалалы отбасында дүниеге келген

 Динара Амантай 24.05.2022 | 11:40
Фото: Фото: elements.envato.com

Қазақстандықтарды үйден шықпауға міндеттеген - коронавирус індеті өршіген жылдары бала туу көрсеткіші айтарлықтай өскен. Бұндай мәліметті energyprom.kz сарапшылары жариялады.

Қазақстандағы бэби-бум 2020 жылы басталды, бұл уақытта елде 426,8 мың сәби дүниеге келді. Дегенмен, 2021 жылы бұл рекорд жаңарды: жаңа туған нәрестелер саны бірден 446,5 мың балаға жетті. Яғни 2020 жылғы көрсеткіш 4,6%-ға өсті, ал пандемияға дейінгі - 2019 жылғы көрсеткіш бірден 11%-ға ұлғайды. Биыл үш айда ғана 95,6 мың туу туралы куәлік тіркелді, бұл 2022 жылы нәрестелердің бумы жалғасып жатқанын білдіреді.

2021 жылы туу көрсеткіші де өзінше рекорд орнатты: 23,5, яғни 10 мың қазақстандыққа 235 жаңа туған нәресте келеді. Салыстыру үшін: жиырма жыл бұрын бұл көрсеткіш небәрі 14,91 болған – бұл халықтың 10 мың тұрғынына шаққанда 149 жаңа туған нәрестеден келген.

Оның үстіне бала туудың жалпы коэффициенті 3,32-ге жетті, яғни орташа есеппен бір әйелге 3-тен астам баладан келеді – Қазақстанда мұндай рекордтық көрсеткіштер соңғы екі жылда ғана тіркелді. Салыстыру үшін: 1999 жылы коэффициент небәрі 1,8 болды.

Бір қызығы, бірден 125,1 мың бала немесе 2021 жылы жаңа туған нәрестелердің жалпы санының 28 пайызы көпбалалы отбасында дүниеге келген.

Еске сала кетсек, елімізде төрт және одан да көп баласы барлар көпбалалы отбасы саналады. Оның үстіне, он және одан да көп балалы отбасыларда 95 сәби дүниеге келген екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама