«Ауыл халқы үнемшіл, қала халқы ысырапшыл»: Қазақстанда неге су тапшы?
Қала халқы ауыл халқынан екі есе көп су тұтынады
Қазақстандағы ауыз су мен суармалы судың тарифі төмен болуы оның үнемсіз пайдаланылуына әкеліп отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қазақстандағы су ресурстарын қалай басқару қажет? Қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар «Paperlab» зерттеу орталығында өткен шарада мамандар осы сұраққа жауап іздеді.
Ресурстарды басқару жүйесі бес блоктан тұрады, олар жер үсті сулары, жер асты сулары, өзен-көлдер, мұздықтар және тұщы сулар. Бұл судың барлығы ауыз су, ауылшаруашылық су, өндірістік су және экожүйелік су ретінде қолданылады.
Satpayev University ректорының су қауіпсіздігі бойынша кеңесшісі Кәмшат Түсіпованың айтуынша, еліміздегі ағынды судың жалпы көлемі бар барлық ресурстарды есептегенде шамамен 500 км текше метр.
Гидрология институтының мәліметтері бойынша, бізде шамамен 102 км текше су бар. Бұл ретте, «Қазгидрометтің» деректеріне сәйкес, ол өзгермелі және ресми деректер бойынша кейбір жылдары 160 км текше метрге жетеді. Осы судың шамамен 45%-ы Қазақстаннан тыс жерлерде қалыптасады. Бірақ суды пайдалану туралы айтатын болсақ, жалпы тұтынудың шамамен төрт пайызы ауыз су қажеттіліктеріне жұмсалады. Егер санмен айтатын болсақ, онда бұл жылына шамамен 102-ден 160 км-ге дейін бір км-ге жуық, яғни біз тұрмыстық қажеттіліктерге 1/16 қолданамыз, - деді ол.
Ғалымның айтуынша, су тапшылығы төрт негізгі индикатормен есептеледі. Оның ішінде екі гидрологиялық индикатор көрсеткіш ағынының көлемі ел халқының санына бөліну арқылы есептеледі.
Қазақстанда бір адамға жылына шамамен 5 мың текше метр судан бар. Су стрессінің индексі индексіне сәйкес, стрестің ең бірінші деңгейі елде орта есеппен 1 700 текше метр су болған кезде пайда болады. Бізде бір адамға 5 000 текше метрден келеді. Алайда Қазақстанда ерекшелігі бар, біздің суларымыз аумақтық тең бөлінбейді, бір өңір шөлді жер болса, бір өңірде су көп.
Екінші ерекшелігі – маусымдық кезең. Су көп болатын маусым бар, кейде екі айда 90% жетуі мүмкін, кейде су өте аз болады. Бірақ бұл су жоқ дегенді білдірмейді. Мәселен, жылына орта есеппен 500-1000 мың текше км болатын БАӘ елдерімен салыстырғанда бізде су жоқ дегенді білдірмейді. Ол ел 2000 жыл ішінде олар жасанды жолмен көп су жинады. Сондықтан біздің елімізде физикалық су тапшылығы жоқ. Алайда судың экономикалық тапшылығы бар. Бұл жерде технлогия туралы айтып отырмыз, - деп толықтырды Кәмшат Түсіпова.
Су шаруашылығы мен гидротехникалық инженерия маманы Айгерім Кәрібайдың айтуынша, жыл сайын вегетация кезеңінде дихандар суармалы су тарифі мен тапшылығына қатысты көп шағымданады.
Қазақстанда суармалы судың тарифі барлық өңірде бірдей. Олай болмауы керек. Тарифті әр өңірде әкономикалық дамуына байланысты әртүрлі болуы керек. Елімізде 2 млн га астам суармалы жер бар. Сол жердің 1 млн астамы оңтүстік өңірлерде – Алматы, Жамбыл, Жетісу мен Түркістан облысында. Шаруалардан су жетіспеушілігіне қатысты шағым түседі. Қазіргі су мен қоса жер реформасы дұрыс емес. Суды көтергенде жер реформасын да көтеру керек. Каналдың бойындағы жерді бергенде, оны бөлудің тәртібі болады. Оған көп жағдайда ешкім қарамайды. Канал ол жерден біршама алыс орналасқан болуы мүмкін, - деді маман.
Бүгінде елдегі су өткізетін магистралды каналдарға «Қазсушар» мекемесі жауап береді. Ал қалған ішкі аралық каналдар жергілікті атқарушы органдарда немесе дихандардың өз балансында болуы мүмкін.
Магистарлды каналдардан дихандарға су жіберген кезде, ішкі аралық каналдар арқылы қажет көлемде дұрыс жетпеуі мүмкін. Бұл жерде көтерілетін мәселе – біржақты болмауы керек. Жер мәселесі, қандай ауылшаруашылық өнімін егін жатыр деген мәселені қоса қарау қажет. Сонымен қатар, тағы бір кемшілік - түндегі суару мәселесі. Қазір дихандар түндегі суаруды дұрыс жүргізеді деп айтпас едім. Түнде ұйқысы келеді, суды ашып кетіп қалады. Осы жерден суды тиімсіз пайдалану, басқару басталады. Бұдан салада үлкен проблема туындайды, - деді Айгерім Кәрібай.
«АУЫЗ СУДЫ УНИТАЗҒА АҒЫЗЫП ЖАТЫРМЫЗ»
«Ауылдық жерлердің тұрғындары үлкен қалалардың тұрғындарына қарағанда суды үнемдеп пайдаланады. Мысалы, Алматыдағы судың 60 пайызы жерасы суы немесе таудан келетін таза су. Біз оны алып унитазға ағызып, көлік немесе асфальтты жуып жатырмыз», - деді зерттеуші Жәния Хайбуллина.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, қала тұрғыны орта есеппен 130 литр су, ал ауылды жердің тұрғыны күніне 70 литр су пайдаладанады. ДСҰ суды пайдаланудың минималды шегін бір адамға тәулігіне 50-100 литрге дейін деп белгілеген. Мамандар ысырапшылдықтың бір себебі су тарифінің төмендігімен байланыстырады.
Тариф мәселесі қызық әрі күрделі мәселе. Вегетация басталатын кезде тариф мәселесін көтеру туралы сұрақ көтердік. Сол кезде шаруа қожалықтары қатты көтерілді. Олар қазіргі тарифтің өзінде кейбір қожалықтар ақшаны төлемейді. Жалпы Қазақстанда суармалы су тегін, тариф тек қызмет үшін ғана алынады. Өйткені суды жеткізетін кәсіпорындар магистралды желілерін күтіп-ұстау, жөндеу үшін қызметкерлерін ұстайды. Осы қызметтің ақысын тариф арқылы алады. Өз басым тарифті бірден көтеруге қарсымын. Менің ойымша тарифті бірте-бірте көтеруге қосыламын. Алайда бұл кезде судың өзіндік құнын есептеп шығару керек сияқты. Экономистер Қазақстанда ауыз су мен суармалы судың өзіндік құны қанша болатынын есептеу қажет. Ешбір қызметтің құнын қоспай, өзіндік құны қанша деген сұрақтың жауабы қызық болатын еді, - деді Айгерім Кәрібай.
Алайда Кәмшат Түсіпова ауыз судың құны әр өңірде әртүрлі. Судың орналасуына байланысты бірыңғай баға болуы мүмкін емес.
Ауыз судың құны туралы айтқанда, Қазақстанда баға әртүрлі. Мысалы, астаналықтар судың әр текше метріне 50-60 теңгеден төлейді, Ал Ақтауда баға 500 теңгеге дейін жетеді. Қазірдің өзінде әр өңірде тариф әрқалай. Ауылшаруашылығы суы туралы айтатын болсақ, оның құны жоқ. 20 жылдан астам уақыт ғылымда жүрмін. Жер планетасындағы су бір тамшыға болсын азайған жоқ. Тек орналасу жерін өзгертетінін бәріміз білеміз. Әр ауыл шаруашылығы өнімінің суды тұтыну диапазоны бар. Сол сияқты әрбір өнімнің су тұтыну мөлшері бар. Көптеген елдер осы тұжырымды пайдаланып, жоспарлайды, - деді ғалым.