1991 жылдан бері 13 рет қаралы күн болды
Ел тарихындағы алғашқы және ең соңғы жалпыұлттық аза тұту күні кеншілердің өлімінен кейін жарияланған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 13 рет қаралы күн болды. Ұшақ апаты, шахтадағы апат, террористік актілер, әскери қоймадағы жарылыс, коронавирус пандемиясы, орман өрті салдарынан мыңдаған адам мерт болды. Олар – қызмет барысында қайтыс болғандар мен бейбіт тұрғындар. Қызмет барысында қаза тапқан қазақстандықтардың арасынша кеншілер де бар.
Елдегі ең алғашқы аза тұту күні 2006 жылы жарияланған еді. Сол жылы 20 қыркүйекте тәуелсіз Қазақсан тарихында ең алғашқы қаралы күн (аза тұту) жарияланды. Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада жантүршігерлік жарылыс болды. Апат салдарынан 41 кенші қаза тапты. Жеті жұмысшы жараланды.
Арада екі жыл өткен соң елде тағы да жалпыұлттық аза тұту күні жарияланып, ту төмен түсірілді. Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында жарылыс болып, нәтижесінде 30 кенші жан тапсырды. Тағы 14 жұмысшы ауыр жарақат алған еді.
Тағы бір қаралы күн 29 қазанда жарияланды. Бұл жолы апат Қарағанды қаласының аумағындағы «Костенко» шахтасында болды. Жарылыс салдарынан 46 адам жан тапсырды.
MiningWiki.ru кеншілер энциклопедиясының мәліметі бойынша, 1993 жылдан 2023 жыл аралығында Қазақстан шахталарында болған апаттан 211 кенші қаза тапқан.