Бес елдің экономикасы 350 млрд долларға жетті
2022 жылғы геосаяси ахуал мен экономикалық санкциялар сыртқы саудада Ресейдің үлесі басым Орталық Азия елдері үшін бірқатар қиындықтармен қатар, жаңа мүмкіндіктер де ашты.
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ 70%-ЫН ҚҰРАЙДЫ
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы Қазақсстан экономикасы 3,1% өсіп 200 млрд доллардан асты. Экономикалық өсімнің драйвері дәстүрлі түрде тау-кен, құрылыс және байланыс салалары. Мұнай-газ тасымалы саласындағы келеңсіздіктерге қарамастан, бұндай өсімді сарапшылар жоғары бағалап отыр. Дегенмен, 2021 жылы өсім 4% болғанын ескерсек, салыстырмалы түрде ел экономикасының бәсеңдегені байқалады. Сонда да, басқа төрт елдің экономикасымен салыстырғанда көрсеткіш жаман емес.
Мәселен, Азия Даму банкі өткен жылың соңында Қырғызстан экономикасы 2022 жылы 3% өседі деп болжаған. Ал 2021 жылы ел экономикасы 3,6% өсім көрсетіп, 8,2 млрд долларды құраған еді. Экономиканы алға сүйреуші салалар негізінен металл өндірісі мен дайын металл бұйымдарын жасау саласы болды. Биыл негізігі капиталға салынған инвестицияның айтарлықтай өскенін ескерсек, алдағы жылы ЖІӨ тағы 3,5% ұлғаяды деген болжам бар.
Өзбекстан экономикасы 2022 жылы 5,7% өсіп 80 млрд доллардан асты. Соның ішінде өнеркәсіптік өндіріс пен қызмет көрсету салаларының қарқыны жоғары. Көлік және байланыс саласының экономикадағы үлесі төмен болса да, жылдық өсім өзгелерге қарағанда жоғары, 14,7%.
Тәжікстан эконмоикасы 2022 жылы 11 млрд долларлық межені бағындырды, жылдық өсім 7,5%. Бұл елде де экономиканың негізгі қозғаушы күні тау-кен өнеркәсібі.
Түрікменстандағы экономикалық өсім 6,2%-ды құрап, 50 млрд долларға жақындады. Ішкі жалпы өнім негізінен мұнай-газ саласы арқылы қамтамасыз етіліп отыр.
ӨЗБЕКСТАНДАҒЫДАН 2 ЕСЕ, ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫДАН 3 ЕСЕ КӨП
Орталық Азия елдерінің экономикасы 350 млрд доллар шамасында десең, оның 70%-ы Қазақстанға, 2,3%-ы Қырғызстанға, 23%-ы Өзбекстанға, 3,1%-ы Тәжікстанға, 14%-ы Түрікменстанға тиесілі.
Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көлемі Қазазақстанда ІЖӨ Тәжікстандағыдан 13 есе, Өзбекстандағыдан 11 есе, Қырғызстандағыдан 10 есе, Түркіменстандағыдан 1,5 есе көп.
Тиісінше, жалақы көлемінде де айтарлықтай айырмашылық бар. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың IV тоқсанында Қазақстандағы орташа жалақы 720 доллар шамасында болды.
Орталық Азияның өзге елдеріне қарайтын болсақ, Қырғызстанда 2022 жылдың мамыр айына 234 доллар, Өзбекстанда мамыр айынағы дерек бойынша 313 доллар, Тәжікстанда шілде айындағы дерек бойынша 160 доллар болды. Түрікменстанда әр түрлі дереккөздердің орташа көрсеткіші 330 доллар айналасында.
ЭКОНОМИКА КӨЛЕМІ ҚЫМБАТШЫЛЫҚТЫ БІЛДІРМЕЙДІ
Орталық Азиядағы қалған төрт елдің экономикасы Қазақстан экономикасының жартысына жетпейтін, Қазақстандағы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім Өзбекстандағыдан 2 есе, Қырғызстандағыдан 3 есе көп екенін ескере отырып, осы елдердегі күнкөріс құнын салыстырып көрейік.
Мәселен, жанармай бағасы Қазақстанда Қырғызстан мен Өзбекстандағыдан 2 еседей, Тәжікстандағыдан 2,5 еседей аз, Түркіменстанмен шамалас.
Азық-түлік ішінде ұн, сиыр еті, картоп, сиыр сүті, алма бағаларын салыстырар болсақ, дық. Ең қымбат баға Түркіменстанда болып шықты. Қалған бес елде аздаған айырмашылық болғанымен, жалпы шамалас. Соның ішінде Қазақстанда ұн, ет әжептеуір арзан.
Нақтырақ айтқанда, Түрікменстанда ұн 214 доллар, Қырғызстанда 53 доллар, Тәжікстанда 39 доллар, Өзбекстанда 28 доллар, Қазақстанда ең арзан – 22 доллар.
Ал бір кило сиыр еті Түрікменстанда 17 доллар, Тәжікстанда 6,8 доллар, Қырғызстанда 6,1 доллар, Өзбекстанда 5,2 доллар, Қазақстанда 4,9 доллар.
Дегенмен, бір ескерерлігі, бұл баға ай сайын өзгеруі ықтимал, өйткені, әсіресе, 2022 жылы аймақта инфляция жоғары болды. Атап айтқанда, Қазақстанда 20%-дан асып кетсе, Қырғызстанда 14,7%, Түрікменстанда 13% (алдын ала есептегенде) Өзбекстанда 12,25% және Тәжікстанда 11,5% (алдын ала есептегенде).