Қала әкімі «Астана Тазалық» қызметкерлерін компанияның 14 жылдығымен құттықтады
Елордада «Астана Тазалық» қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов «Астана Тазалық» қызметкерлерін компанияның 14 жылдығымен құттықтауында айтты.
Өз тарапымыздан біз жұмыс үшін қолайлы жағдайды жақсарту бойынша жұмыс істеп жатырмыз: мысалы, үш жыл ішінде 300-ден астам арнайы техника мен жабдықтар сатып алдық, осылайша автопаркті айтарлықтай жаңарттық және кеңейттік, - деп жазды қала басшысы.
Одан бөлек, Алтай Көлгінов жүйелі негізде «Астана Тазалық» қызметкерлерінің жалақысы өсетінін айтты.
«Мысалы, ағымдағы жылдың қараша айынан бастап жол жұмысшылары мен жүргізушілердің жалақысын 20% - ға арттырамыз (бұрын жалақы басқа санаттар үшін де көтерілген). Сыйақылар, соның ішінде мереке күндеріне енгізілді. Бірақ бұл да жеткіліксіз. Біз жағдай жасау үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз, соның ішінде коммуналдық қызмет қызметкерлерінің жалақысын көтереміз», - деп жазды елорда әкімі.
Еске салайық, 31 тамызда «Астана тазалық» ЖШС-ның бір топ жұмысшысының жалақысын өсіруді талап етіп митингке шыққаны жазылды. Олар ЖШС басшысының орынбасары қызметіне кіріскен лауазымды тұлғадан қысым көріп отырғанын, жұмысшылардың жалақысын толық бермейтінін айтты. Сондай-ақ басшылық тарапынан осы сияқты әділетсіздік жалғаса беретін болса жұмысқа шығудан бас тартатынын жеткізді.