Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында ер адам 6 баланың анасын өлімші етіп сабаған

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде

 Халық үні 04.10.2022 | 08:11
Алматы облысында ер адам 6 баланың анасын өлімші етіп сабаған
фото: ernur.kz

Алматы облыстық Полиция басқармасы әлеуметтік желіде 6 баланың анасын зорламақ болған және өлімші қылып сабаған адамның бостандықта жүргені туралы жазбаға байланысты түсіндірме берді. 

 «Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Қарасай ауданы ПБ кезекші бөліміне Қарасай ауданы Қаскелең қаласы ауруханасының реанимация бөліміне 35 жастағы әйелдің түскені туралы ақпарат түсті. Бұл дерек Қылмыстық Кодекстің 106-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 23 жастағы күдікті Қарасай ауданының ПБ-ға жеткізілді», - деп хабарлады ведомстводан.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама