Төрт министр қызметінен босатылды: Жарлыққа ел президенті қол қойды
Екі министрдің үстінен қозғалған қылмыстық істерге байланысты қызметінен шеттетілгені атап өтілді
Қырғызстанда төрт минист қызметінен босатылды. Оның екеуі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Тиісті жарлыққа ел президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп хабарлайды 24.kg ақпараттық агенттігі.
Садыр Жапаровтың өкімімен қызметінен босатылғандар:
Қырғыз Республикасы энергетика министрі Досқұл Бекмырзаев;
Қырғызстан білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев;
Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Азамат Жаманқұлов;
Көлік және коммуникация министрі Еркінбек Осоев.
Алғашқы екеуінің үстінен қозғалған қылмыстық істерге байланысты қызметінен шеттетілгені атап өтілді.
Айта кетейік, Алмазбек Бейшеналиев 110 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды.
Ал Досқұл Бекмырзаевқа қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Басылымның мәліметінше, Азамат Жаманқұлов пен Еркінбек Осоев өз еркімен жұмыстан кеткен. Қазір жоғарғы кеңеске үш жаңа шенеунік ұсынылған.