×

«Мұндай жағдай өте сирек кездеседі»: Алматыда алып сәби дүниеге келді

Әйел еш қиындықсыз босанған

 Халық үні 03.10.2022 | 22:39
фото: ашық дереккөзден

Алматыда 32 жастағы әйел салмағы 5328 грамм, бойы 60 см сәбиді дүниеге әкелді, деп хабарлайды «Алматы» арнасы.

Әйел жүктіліктің 39 аптасында патология бөліміне түсіп, алып баланы дүниеге әкелген. Алайда ол болашақ баласының салмағын білмеген. Ультрадыбыстық зерттеу баланың салмағын 3500-3800 грамм деп көрсеткен.

«Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Әйел еш қиындықсыз босанды. Қазір анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы. Үш күн перзентханада жатып, үйіне шығарылды», - дейді бас дәрігердің орынбасары міндетін атқарушы Куренова Гүлнәр. Жас босанған ана аурухананың барлық қызметкерлеріне алғысын білдірді.

«Қызым үлкен салмақпен туатынын білмедім. №2 перзентхананың бас дәрігерінен бастап, әр мейірбикеге дейін, барша ұжыға шексіз алғысымды білдіремін. Мұнда кәсіби мамандар жұмыс істейді. Баршаңызға зор денсаулық, табыс тілеймін», - деді жас ана.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама