Полицейлер заң бұзғандарды анықтау үшін шетелдік құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істейді
Биыл терроризм туралы жалған хабар берген 28 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Соңғы 2 айда интернет арқылы жалған хабарлама жіберген 5 адам анықталды. Жыл басынан бері мұндай әрекеттер үшін 28 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың сегізі бас бостандығынан айырылды, - деді ІІМ өкілі.
Министрлік мәліметінше, 8 айда 14 қылмыстық іс сотқа жолданған.