×

Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

Айбат Ілиясов 1982 жылы дүниеге келген

 Халық үні 18.02.2022 | 13:07
Айбат Ілиясов, фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Айбат Болатұлы Ілиясов Білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Айбат Ілиясов 1982 жылы дүниеге келген. 2006 жылдан 2007 жылға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ аға инженер-электронигі, бас маманы болып қызмет еткен.

2008 жылдан 2009 жылға дейін «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК бас маманы болды.

2009 жылдан 2012 жылға дейін Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, Әділет министрлігінің ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының бас сарапшысы, басқарма басшысының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

2013 жылғы наурыз айынан 2022 жылғы ақпанға дейін Әділет министрлігінің ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының басшысы, цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры қызметін атқарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама