Олар өзара іс-қимыл мәселелерін талқылайды
Арменияның астанасы Ереван қаласында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер өзара іс-қимыл мәселелерін талқылайды.
Сыртқы істер минимстрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
7 қазан күні Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Қазақстан-Армения Сыртқы істер министрліктері арасындағы кеңестерге, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Ереван қаласындағы консультацияларына қатысады. Іс-шарада екі елдің ынтымақтастығы, халықаралық ұйымдар, оның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясындағы елдердің өзара іс-қимылын талқылау жоспарлануда, - деді ол.
Қазір елімізде ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары болып жатыр.
Оқу-жаттығулар 8 қазанға дейін Жамбыл және Алматы облыстарында болады. Оған ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» қатысуда.