×

Ресейдің 320 сарбазы шегініп бара жатып, жер жастанды

Олар «200-жүкке» айналды

 Дастан Жұмабекұлы 03.10.2022 | 16:06
фото: ашық дереккөз

Өткен тәулікте Украина әскерилері 320 басқыншыны жер жастандырып, бір-бір ұшағы мен тікұшағын жойып жіберді.

Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.

Украина қорғаушылары 2 қазанда 320 оккупанттың көзін жойды. Біздің әскерлеріміз Путин армиясының 60 430 адамын «200- жүкке» айналдырып, «демилитаризация» жасап жіберді, – делінген хабарламада.

Бұдан басқа, соғыстың бүгінгі 222-күніне дейін украин әскерлері жаудың мыңдаған бронды, автомобиль, авиация және қару-жарақ техникаларының көзін құртты.

Украина қарулы күштерінің бас штабы ресейлік оккупанттардың Крамоторск және Бахмут бағыттарында көптеп қырылып қалғанын хабарлады.

Осылайша кеше украин сарбаздары Ресей армиясының 16 бронды машинасын (барлығы 4991), 15 автомобиль бірлігі мен автоцистерналарын (3811), үш танкісін (2380) және бр РСЗО-сын (338) талқандап тастады.

Кешке кешке Украина қарулы күштері Лиманды азат еткеннен кейін Донецк облысындағы Торское селосын босатты.

Херсон және Запорожье бағытында да ұрыс болып жатыр. Бұл жақта да украиндар жауды қоршауға алып, жойып жіберуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама