Halyq Uni логотип
×

IV Дүниежүзі көшпенділер ойындары: қазақ спортшылары 9 медаль жеңіп алды

Қоржынға үш алтын, төрт күміс және екі қола жүлде түсті

 Дастан Жұмабекұлы 03.10.2022 | 15:28
IV Дүниежүзі көшпенділер ойындары: қазақ спортшылары 9 медаль жеңіп алды
фото: ашық дереккөз

Осы күндері Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ спортшылары 9 медаль жеңіп алды. Қоржынға үш алтын, төрт күміс және екі қола жүлде түсті.

Биылғы додаға әлемнің 102 мемлекетінен 3 мыңнан астам спортшы спорттың 13 түрінен қатысып жатыр. Қазақ спортшылары спорттың 5 түрінен (қазақ күресі, көкпар, көкбөрі, жамбы ату, садақ ату) өнер көрсетуде.

Әзірге қазақ күресі бойынша ұлттық құрама команданың қоржынында 6 медаль бар. Марат Нығматуллаев 60 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, 65 килоға дейінгі салмақта алтын медальді Зарина Сарипова жеңіп алды. Еламан Қойшыбаев (80кг) пен Рауза Нұрмұхамметова (55 кг) күміс, ал «Қазақстан Барысы» Мақсат Исағабылов (+80 кг) пен Мөлдір Азамат (+65 кг) қола жүлдегер атанды.

Қасымхан Қанат дәстүрлі садақ атудан финалда өнер көрсетті. Онда 32 елден 95 спортшы бақ сынасты. Ол өзінің қарсыласы Оғыз Окшадан 2 ұпай айырмашылығымен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама