Ауғанстанда жарылыстан 43 адам қаза тапты
Бұған дейін 33 адамның, соның ішінде 20 баланың денесі табылған еді
Ауғанстанның астанасы Кабул қаласындағы білім орталығында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 43 адамға жетті.
Бұл туралы Twitter-де БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясы (UNAMA) хабарлады.
Қаза тапқандардың арасында негізінен жастар, олардың саны әлі де көбеюі мүмкін. Қазір зардап шеккендердің саны 83-ке жетті.
Ауғанстанның астанасының Хазара ауданында жұма күні колледжде болған жарылыстан қаза тапқандар саны көбейіп жатыр. Соңғы дерекке қарағанда, 43 адам қаза тауып, 83 адам жарақат алды. Көбісі - қыздар мен әйелдер. Кабулдағы UNAMA адам құқықтары жөніндегі топтармен тексеру процесі жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, білім ордасындағы жарылыстан 33 адамның, соның ішінде 20 баланың денесі табылған еді.