Halyq Uni логотип
×

Орал тұрғынына сепаратизмді насихаттады деген айып тағылды

Жергілікті тұрғынға қатысты іс қалалық сотта қаралады

 Халық үні 03.10.2022 | 14:39
Орал тұрғынына сепаратизмді насихаттады деген айып тағылды
Фото: әлеуметтік желіден

Орал тұрғынына сепаратизмді насихаттады деген айып тағылды. Жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс Орал қалалық сотында қаралады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Батыс Қазақстан облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот процесі 11 қазанда өтеді.

Максим Яковченкоға қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған: 174-бабы «әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» және 180-бабы «сепаратистік әрекет».

Айыптау актісіне сәйкес, ол орта білім беру мекемесінде оқып жүрген кезде азиялық сыныптастарына деген жеккөрініштіліктен, олармен арадағы кикілжің кезінде Оралдағы №12 мектепте бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы экстремистік қасақана ауыр қылмыстар жасаған. Сондай-ақ мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігінің негіздеріне қарсы әрекет еткен. Ол өзінің қылмыстық әрекетінің қоғамға қауіпті екенін білген.

Журналист Лұқпан Ахмедьяров бұған оралдық Максим Яковченконың әлеуметтік желідегі жазбасы себеп болғанын жазды.

Оның айтуынша, Орал тұрғыны «Орал, Петропавл, Павлодар және тағы басқаларын Ресейге беру керек. Себебі бұл жерде бәрін тек жояды. Жатжерлік билікте отыр. Жатжерліктер бәрін ластайды. Маймылдар жан-жағын жайпап, көшіп жүргенге үйренген» деп жазған.

Айта кетейік, Максим Яковченко 1987 жылы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылында туған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама