Қызылорда облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты
4 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды
Қызылорда облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, салдарынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 3 қазанда Қызылорда облысының Қармақшы ауданында Шымкент – Самара тас жолының 1573/693 шақырымында автобус пен жеңіл көліктің соқтығысу салдарынан болған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен («Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу») сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Жол апаты салдарынан 5 адам көз жұмып, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.
Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.