×

«Жасыл даму» көлік сатып алуға жеңілдік сертификаттарын бере бастады

Төлемдерді алу үшін «Е-Өтініш» платформасы арқылы қоғамның атына өтініш жолдау қажет

 Динара Амантай 03.10.2022 | 09:58
Фото: news.myseldon.com

«Жасыл даму» АҚ отандық автоөндірушілерден агротехника мен көлік құралдарын сатып алуға мүмкіндік беретін жеңілдік сертификаттарын қаржыландыруды бастады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұған дейін «ӨКМ Операторы» ЖШС берген жеңілдік сертификаттарына төлем жүргізілмегендіктен оны қолдану мүмкін болмаған еді.

Ескі көліктерін ақшалай өтемақыға тапсырған жеке және заңды тұлғалар тиісті төлемдерін алуы үшін «Е-Өтініш» біріңғай платформасы арқылы қоғамның атына өз өтінішін жолдап, банктік деректемелерін көрсетуі қажет.

Ақшалай өтемақы расталған өтінімдер мен банк деректемелері дұрыс жіберілген өтініштер бойынша төлем жүргізілетін болады. Мерзімі өткен жеңілдік сертификаттарын пайдалану Қазақстан Республикасында экологиялық таза автокөлік құралдарын (электр қозғалтқыштары бар Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін) және олардың компоненттерін, сондай-ақ экологиялық талаптарға сәйкес келетін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ынталандыру қағидаларына тиісті жеңілдік сертификатын пайдаланып, жаңа көлік пен ауылшарушылық техникасын сатып алуға болатын автоөндірушілердің тізімі қазан айында қосымша жарияланатын болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Таразда көліктердің утилизациясымен айналысатын компания төңірегінде жанжал шыққаны туралы хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама