×

Тоқаев Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу қорытындысын наурыздағы жолдауында айтады

Президент саяси реформалар бойынша өз бағдарламасын ұсынбақ

 Қымбат Елтайқызы 18.02.2022 | 11:54
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айындағы жолдауында Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу қорытындылары туралы айтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасы бойынша алдын-ала тергеу жұмыстарының қорытындыларын наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында жариялайтынын жоспарлап отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» телеарнасына берген кешегі сұхбатында айтқанындай, халықтан ештеңені жасырып қалмайды. Барлық ақпарат жария етіледі. Қазір тиісті органдар ауқымды тергеу жұмыстарын жүргізуде. Бұған біраз уақыт керек», - деп жазды Берік Уәли.

Президент наурыз айының ортасында жасайтын жолдауында саяси реформалар бойынша өз бағдарламасын ұсынбақ. 

Еске салайық, Мемлекет басшысы Qazaqstan телеарнасына берген сұқбатында «Келесі президент сайлауына қатысасыз ба?» деген сұраққа нақты жауабын наурыздағы жолдауында беретінін айтқан еді.

«Бұл мәселе Конституциямызда жазылған. Президентке екі мерзім берілген. Оны бұзуға болмайды. Наурыздағы жолдауымда, мүмкін, осы маңызды мәселе жөнінде өз пікірімді айтармын. Ал бірақ қазір сайлауға барамын ба, бармаймын ба оны айта алмаймын», - деп қысқаша жауап берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23