×

Головкин - «Канело» жекпе-жегі: допинг нәтижесі шықты

Боксшылар допингке қарсы VADA  ерікті қауымдастығының тестін тапсырды

 Халық үні 02.10.2022 | 22:55
Фото: inform.kz

Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен Сауль «Канело» Альварестің (58-2-2, 39 КО) үшінші айқасынан кейін олардың тапсырған допинг тесттерінің қорытындысы шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар допингке қарсы VADA  ерікті қауымдастығының тестін тапсырды. Қарсыластар трилогия алдында WBC ұйымының «таза бокс» бағдарламасы аясында VADA-мен келісімге қол қойған. 

«Канело» Альварес пен Геннадий Головкинді VADA тестінен сәтті өткенімен құттықтаймыз», - деп жазды допингке қарсы ұйым Twitter желісінде. 

Айта кетейік, 18 қыркүйекте Головкин - «Канело» жекпе-жегі Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама