Головкин - «Канело» жекпе-жегі: допинг нәтижесі шықты
Боксшылар допингке қарсы VADA ерікті қауымдастығының тестін тапсырды
Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен Сауль «Канело» Альварестің (58-2-2, 39 КО) үшінші айқасынан кейін олардың тапсырған допинг тесттерінің қорытындысы шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшылар допингке қарсы VADA ерікті қауымдастығының тестін тапсырды. Қарсыластар трилогия алдында WBC ұйымының «таза бокс» бағдарламасы аясында VADA-мен келісімге қол қойған.
«Канело» Альварес пен Геннадий Головкинді VADA тестінен сәтті өткенімен құттықтаймыз», - деп жазды допингке қарсы ұйым Twitter желісінде.
Айта кетейік, 18 қыркүйекте Головкин - «Канело» жекпе-жегі Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.