Қазақстан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алғашқы алтынын жеңіп алды
Әлемдік дода Түркияның Изник қаласында өтіп жатыр
Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан ІV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен 60 келі салмақта Марат Нығматуллаев алтын медалге ие болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қазақ күресінің бәсекесіне әлемнің 20-ға жуық елінен 60-тан астам балуан келген, оның ішінде 19 бұрымды балуан бар.
Жеңімпаз Марат Нығматуллаев финалда моңғолдың балуанын 2 минутта «таза жеңіс» әдісіне түсірді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан келесі Әлемдік көшпенділер ойынын өз жерінде өткізуге өтінім бергені туралы хабарлаған едік