×

TikTok Қазақстанда өкілдігін ашады

Компания вице-президенті қазақстандық контентті өте сапалы деп бағалады

 Динара Амантай 02.10.2022 | 11:01
Фото: searchenginejournal.com

Танымал TikTok әлеуметтік желісі Астанада өз өкілдігін ашады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Бұл туралы компанияның вице-президенті Тео Бертрам Digital Bridge халықаралық форумы барысында 24.kz арнасындағы Президент бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, біздің елімізде контенттің сапасы өте жоғары дәрежеде.

Біздің ойымызша, Қазақстан бүкіл аймақ үшін хаб болуға әбден лайық. Біздің компанияда түрлі бағдарламалар бар, мысалы, туризм. Мұнда табиғат өте әдемі, біз сіздерге осы туралы көбірек насихаттауға көмектесе аламыз. Ұлттық тағамдар, салт-дәстүр, көркем жерлер – халық үшін осының бәрі қызық. Бұл – елді танымал етудің жаңа жолы, – деді TikTok вице-президенті Тео Бертрам.

Сонымен бірге ол Қазақстан Президенті цифрлық технологияларды дамытуды қолдайтыны жағымды жайт екеніне назар аударды.

Қазақстанның ұстанымы өте дұрыс деп есептеймін. Мен мұнда керемет креативті көптеген блогерлер мен контент жасаушыларды кездестірдім. Олардың барлығы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемдік аудиторияға қол жеткізуді қалайды. Сондықтан TikTok оларға бұл істе көмектесе алады, – деді Тео Бертрам.

Айта кетсек, Тео Бертрам Астанаға Digital Bridge халықаралық технологиялық форумына қатысу үшін шақырылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама