Halyq Uni логотип
×

Ресейден келіп жатқан азаматтардың саны азайды - министр

Ішкі істер министрі шетелдік автокөліктерді заңдастыру жолдарын да түсіндіріп берді

 Халық үні 02.10.2022 | 07:33
Ресейден келіп жатқан азаматтардың саны азайды - министр
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездескен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды «Хабар24» телеарнасы. 

Көші-қон қызметінің мәліметіне сүйенер болсақ, 1-24 қыркүйек аралығында сегіз жүзден астам шетелдік азамат елімізде тұруға ыхтиярхат рәсімдеген екен. Ал олардың тек 100-ден астамы көрші Ресей азаматтары. 

Ішкі істер министрі шетелдік автокөліктерді заңдастыру жолдарын да түсіндіріп берді. 

Бүгінде республика жолдарында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тіркелген 300 мыңнан астам темір тұлпар жүр. Биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автокөліктерді 200-250 мың теңгеге есепке қоюға мүмкіндік бар. Дегенмен тәртіп сақшылары олардың барлығын шетелдік әріптестерінің көмегімен тексеретін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама