Halyq Uni логотип
×

Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс съезін шақырды

28 қаңтарда Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы болып сайланды

 Айнұр Шошаева 18.02.2022 | 11:22
Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс съезін шақырды
фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурызда Nur Otan партиясының кезектен тыс съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді.

Партияның кезектен тыс XXII съезіне бүкіл аймақтардан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алған.

Оның айтуынша, съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланады.

28 қаңтарда Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы болып сайланды. Сонда Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының құрылымын қайта қарау керектігін тапсырып, партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымын жоюды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама