Нұрлан Әуесбаев - осыдан 16 жыл бұрын құрылған партияның атынан түскен алғашқы кандидат
Биыл 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Бұл сайлау ҚР Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес өтеді.
Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының кезектен тыс XIX съезі өтіп, ЖСДП президент сайлауына өз кандидатын ұсынды. Қазақстандағы оппозициялық партия саналатын ЖСДП атынан ұсынылған кандидат - 65 жастағы Нұрлан Әуесбаев, партияның Астанадағы филиалының жетекшісі.
Нұрлан Әуесбаев осыдан 16 жыл бұрын құрылған партияның атынан түскен алғашқы кандидат.
Бұған дейін Жалпыхалықтық социал-демократиялық (ЖСДП) партия президент және парламент сайлауына бірнеше рет бойкот жариялаған болатын.
Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелген.