×

Алдағы үш жыл ішінде Жаңаөзенде 5 мектеп салынады

Маңғыстау облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 44 мектеп салынады

 Халық үні 01.10.2022 | 11:29
фото: uralskweek.kz

30 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен жиын өтіп, онда өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары Маңғыстауда барлығы 86 800 орынға (екі ауысымда) 44 білім беру нысанын (35 жалпы білім беретін мектеп, 9 бастауыш мектеп) салу жоспарлануда.

Атап айтқанда, Ақтау қаласында - 17 мектеп, Жаңаөзенде - 5 мектеп, Бейнеуде - 6 мектеп, Қарақияда - 2 мектеп, Мұнайлыда - 10 мектеп, Түпқарағанда - 2 мектеп және Маңғыстау ауданында 2 мектеп салу жоспарланып отыр. 

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 300, 600, 900, 1200, 1500, 2000, 2500 орындық мектеп құрылысы мен жабдықтардың бірыңғай стандартын қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін мектептердің жобаларын әзірледі. Осыған байланысты біз тапсырманы белгіленген мерзімде бірлесіп орындап, кестеге сәйкес әрекет етуіміз керек. Ертеңгі күні тапсырмаларды орындау барысында ешқандай сылтау айтылмауы керек. Жауапты тұлғаларға білім беру нысандарының уақытында салынуын және сапалы құрылысын қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Нұрлан Ноғаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама