Mudarabah capital компаниясына қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталған
Жақында халықаралық іздеу жарияланған комедия жанрының актері, Mudarabah capital қаржы пирамидасын құрды, «Ислам қоры» салымшыларынан бірнеше миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінген Азимжан Саидбаев Түркияда ұсталған. Бұл туралы белгілі журналист Михаил Козачков хабарлады.
Дереккөздің хабарлауынша, Саидбаевқа қатысты қылмыстық топты ұйымдастырушылардың бірі деген айып тағылуы мүмкін.
Айта кетейік, 2022 жылғы ақпанда Алматыда Mudarabah capital компаниясына қатысы бар деген күдікпен ұсталған бірнеше адамға қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету бойынша айып тағылды. Олардың ішінде танымал блогерлер де бар. Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынып, тағы бір вайнер Азимжан Саидбаев шетелге қашып кеткен болатын.