Шымкентте алма ағашы гүлдеп жатыр
Әлі де бүршік атып, гүл ашқалы тұрған бұтақтары бар
Еліміздің шығысында қар қылауласа, Шымкентте алма ағашы гүл ашты.
Қала тұрғындарының бірі ауласындағы ерекше көріністі телефонына түсіріп алған. Оның айтуынша, 8 жыл бұрын егілген көшет көктемде гүлдеп, жемісін теріп алған.
Енді қыркүйектің соңғы тәуліктерінде екінші қайтара гүлдеп, сәні кіріп тұр, - дейді.
Әлі де бүршік атып, гүл ашқалы тұрған бұтақтары бар.
Айта кетсек, елдегі үшінші мегаполисте аптап ыстықтың беті қайтқанмен, күндізгі ауа температурасы 20-25 градус жылылықты көрсетіп тұр.