Зеленский Ресейдің басқа президентімен келіссөздер жүргізетінін айтты
Украина президенті Владимир Зеленский Владимир Путин биліктен кетпейінше Ресеймен келісімге келмейтінін айтты.
Украина басшысы келіссөздерді жалғастыруға қойылатын талаптарды өз Telegram-арнасында мәлімдеді.
Біз Ресеймен президенті ауысқан жағдайда ғана сөйлесеміз, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін РФ президенті Владимир Путин Украинаның 4 облысы Ресейдің қол астына өткенін айтып, украиндықтарды соғысты тоқтатуға шақырды.