Зеленский Ресеймен қандай жағдайда келіссөздер жүргізетінін айтты
Зеленский Ресейдің басқа президентімен келіссөздер жүргізетінін айтты
Украина президенті Владимир Зеленский Владимир Путин биліктен кетпейінше Ресеймен келісімге келмейтінін айтты.
Украина басшысы келіссөздерді жалғастыруға қойылатын талаптарды өз Telegram-арнасында мәлімдеді.
Біз Ресеймен президенті ауысқан жағдайда ғана сөйлесеміз, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін РФ президенті Владимир Путин Украинаның 4 облысы Ресейдің қол астына өткенін айтып, украиндықтарды соғысты тоқтатуға шақырды.