Ауыс-түйіс жалғасып жатыр
Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Жәмила Юсупжанқызы Әбдіқадырова Қазақстан Президенті архивінің директоры қызметінен босатылды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Әлия Құсайынқызы Мұстафина Қазақстан Президенті архивінің директоры лауазымына тағайындалды, – дейді Ақорда.
Бұған дейін Әлия Мұстафина Президент архиві басшысының орынбасары болған. Ол архив технологияларын, ақпараттық-әдістемелік жұмысты басқаруға және құжаттарды пайдалануды ұйымдастыруға жетекшілік еткен.