Halyq Uni логотип
×

Президент архивінің директоры ауысты

Ауыс-түйіс жалғасып жатыр

 Халық үні 18.02.2022 | 10:20
Президент архивінің директоры ауысты
фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Жәмила Юсупжанқызы Әбдіқадырова Қазақстан Президенті архивінің директоры қызметінен босатылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Әлия Құсайынқызы Мұстафина Қазақстан Президенті архивінің директоры лауазымына тағайындалды, – дейді Ақорда.

Бұған дейін Әлия Мұстафина Президент архиві басшысының орынбасары болған. Ол архив технологияларын, ақпараттық-әдістемелік жұмысты басқаруға және құжаттарды пайдалануды ұйымдастыруға жетекшілік еткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама