Halyq Uni логотип
×

Путин Украина билігін соғысты тоқтатып, келісімге келуге шақырды

Путин Луганск, Донецк, Запорожье, Херсон облысы «халқының таңдауы» талқыланбайтынын, бұдан былай бұл аумақтарды Ресей өзінің қол астына өтті деп есептейтінін мәлімдеді

 Халық үні 30.09.2022 | 19:25
Путин Украина билігін соғысты тоқтатып, келісімге келуге шақырды
Фото: URA.RU

Кремльде РФ президенті Владимир Путиннің ДХР мен ЛХР (Қазақстан мойындамаған елдер), Запорожье және Херсон облысын Ресей құрамына кіргізу туралы келісімшартқа қол қою рәсімі өтіп жатыр.

Ресей президенті Киевті келіссөзге шақырды.

«Біз Киев режимін 2014 жылы басталған соғысты,әскери іс-қимылдарды дереу тоқтатып, келісімге келуге шақырамыз. Біз бұған дайынбыз», – деді  РФ президенті.

Владимир Путин Луганск, Донецк, Запорожье, Херсон облысы «халқының таңдауы» талқыланбайтынын, бұдан былай бұл аумақтарды Ресей өзінің қол астына өтті деп есептейтінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама