Ауғанстандағы мектепте емтихан кезінде 20-ға жуық бала қаза тапты

Дастан Жұмабекұлы

«Талибан» қозғалысының өкілдері 33 адамның көз жұмғанын хабарлады

фото: smotrim.ru

Ауғанстанның астанасы Кабул қаласындағы білім орталықтарының бірінде бомба жарылып, шамамен 19 адам қаза тапты.

Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлады.

Кабул полициясының өкілі Халид Задранның айтуынша, ресми дерек бойынша, 19 адам қаза тапқан, 27 адам жараланған. Ол шабуыл емтихан болып жатқан мектепте болғанын айтты.

«Талибан» қозғалысының өкілдері 33 адам қаза тапқанын хабарлады. Лаңкестік шабуыл үшін жауапкершілікті әлі бірде-бір ұйым өз мойнына алмаған жоқ.

Биыл сәуір айының соңында Кабулдың батыс ауданындағы мектептердің бірінде кем дегенде үш жарылыс болды.