Қазақстан Қытаймен шекарасын уақытша жапты
1-3 қазан күндері көлікті өткізу бекеттері жұмыс істемейді
Мемлекеттік кірістер комитеті 1-3 қазан күндері Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері жұмыс істемейтінін хабарлады.
Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуге байланысты 2022 жылғы 1-3 қазан аралығында екі елдің шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көліктер мен жүктердің өткізілмейтінін хабарлайды, – делінген хабарламада.
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы теміржол бекеттері жұмысын жалғастыра береді.