×

Анна Данилина Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Ол жарыстың үшінші ракеткасын ұтты

 Дастан Жұмабекұлы 30.09.2022 | 17:26
фото: ktf.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Анна Данилина Италияның Парма қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты. 

Жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген теннисші чехиялық Джесика Малечковамен бірге алғашқы айналымда ұлыбританиялық Эмили Эпплтон – америкалық Куинн Глисонмен кездесіп, қарсыластарын 6:1, 6:0 есебімен бет қаратпай ұтты.

Енді Данилина мен Малечкова жартылай финалға шығу үшін ресейліктер Ангелина Габуева – Анастасия Захарова немесе чехиялықтар Анастасия Детюк – Мириам Колодзиэёва жұптарының жеңімпазымен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама