Түркия президентінің сапары қазан айына жоспарланып отыр
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қазан айында Қазақстанға келеді.
Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Түркияда өтіп жатқан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде Түрік Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті.
Жыл өткен сайын біздің мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық артып келе жатыр. Бұл өзіңіздің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен достық қарым-қатынастарыңыз бен жемісті диалогтың нәтижесі деп білемін. Осы орайда сіздің осы жылғы қазан айына жоспарланған Қазақстанға сапарыңызды асыға күтеміз, – деді Ерлан Қошанов.
Түркия Ппрезиденті Қазақстанның түркі әлемі мен Түркі мемлекеттері ұйымындағы маңызды рөлін атап өтіп, Мәжіліс спикеріне IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.