Жигули Дайрабаев – Қазақстан фермерлері қауымдастығының президенті
Елордада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Жиын барысында партия төрағасы Әли Бектаев алдағы президент сайлауына партия атынан Қазақстан фермерлер одағы қауымдастығының президенті Жигули Дайрабаев үміткер болатынын мәлімдеді.
Жигули Дайрабаев 1954 жылы дүниеге келген. Қазір ол Қазақстан фермерлер одағы қауымдастығының президенті, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы.
Еңбек жолын 1971 жылы шопанның көмекшісі, «Коммунизмге жол» колхозының жүргізушісі болып бастаған.
Әр жылдары комсомол комитетінің хатшысы, нұсқаушысы, кәсіподақ төрағасы, колхоз басшысы болып жұмыс істеген.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі.
Бұған дейін AMANAT партиясының мүшесі болған, 2020 жылы «АDAL» саяси партиясынан Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидат болды.
Айта кетейік, Жигули Дайрабаев бұған дейін Halyq Uni тілшісіне сұқбат беріп, шаруалардың басындағы қиындықты тізіп берді.