Оңтүстіктегі тұрғындар ұзақ өмір сүреді
Елімізде 100 жастан асқан 487 қазақстандық бар, деп хабарлады Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ұзақ өмір сүру көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш басында тұр. Мұнда 100-ден асқан 75 адам бар. Екінші орында – Алматы қаласы. Шаһарда 100 жастан асқан 62 адам тұрады. Үшінді орында – Алматы облысы. Өңірде 100 жастан асқан 55 адам тұрып жатыр.
Ең қарт қазақстандық Түркістан облысында тұрады. Ол – 121 жаста. Одан кейінгі тізімде – Шымкент қаласы (120 жас) мен Жамбыл облысы (119 жас) тұр.