Қарттар күніне орай зейнеткерлер біржолғы әлеуметтік көмек алады
Төлемдер 3 қазанға дейін жүзеге асырылады
Қарттар күніне орай Астанада 91 672 зейнеткер біржолғы әлеуметтік төлем алады деп хабарлады Halyq Uni тілішісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
1 қазан – Қарттар күніне орай жасы бойынша 91 672 зейнеткерге және зейнет жасындағы адамдарға зейнетақының ең төменгі мөлшерін алушылар қатарынан 2,5 АЕК (7950 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген. Төлемдердің жалпы сомасы 730 млн теңгені құрайды.
Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын жасына байланысты зейнетақы алушыларға жүргізіледі.
Айта кету керек, төлемдер 3 қазанға дейін жүзеге асырылады.