×

Таразда базар өртеніп жатыр (ВИДЕО)

Өрттен зардап шеккендер тіркелмеді

 Ұлдана Жұбай 30.09.2022 | 09:46
Halyq Uni

Таразда «Бек» базары аумағында орналасқан асханадан өрт шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жергілікті төтенше жағдай департаментіне өрт туралы хабар 30 қыркүйек сағат 08:15 шамасында түскен.

Асханадан шыққан өрт мың шаршы метр жерге жайылған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.

Әзірге өрттің неден басталғаны айтылмады.

Өртті ауыздықтауға Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының 12 өрт сөндіру техникасы мен 42 адам жұмылдырылды.

Оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.

Айта кетейік, 2022 жылдың 26 тамызында Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» базарының аумағында өрт шықты. Салдыранын ауданы 500 шаршы метр жеке тұрған бір қабатты ғимарат пен ауданы 400 шаршы метр жер өртенді.

Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, оқиға себептерін анықтау және өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін комиссия құрылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жетекшілік етеді.

Кейінгі ақпарат бойынша зардап шеккен 600-ден аса саудагерге жаңа орын беріліп, олар бір жылға дейін салықтан босатылған.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама