Елімізде бір күнде 90-ға жуық адамнан COVID-19 анықталды, деп хабарлады Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Өткен тәулікте 89 адам коронавирус жұқтырды:
- Астанада – 18,
- Алматыда – 11,
- Шымкентте – 1,
- Ақмола облысында – 15,
- Ақтөбе облысында – 2,
- Алматы облысында – 2,
- Атырау облысында – 1,
- Шығыс Қазақстан облысында – 1,
- Батыс Қазақстан облысында – 5,
- Қарағанды облысында – 8,
- Ұлытау облысында – 1,
- Қостанай облысында - 7,
- Павлодар облысында - 1,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 10,
- Түркістан облысында – 3.
Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1 393 557 жетті.
Сондай-ақ 127 адам COVID-19-дан айықты:
- Астанада – 29,
- Алматыда – 6,
- Батыс Қазақстан облысында – 13,
- Қарағанды облысында – 14,
- Ұлытау облысында – 3,
- Қостанай облысында – 39,
- Павлодар облысында – 8,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 8,
- Түркістан облысында – 7.
Сондай-ақ елімізде барлығы 1 378 657 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
2022 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» және «сары» аймақта тұрған өңірлер жоқ.
- «Жасыл» аймақта: Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
Айта кеше, 95 адамнан COVID-19 анықталған еді.