Путин Херсон және Запорожье облыстарының тәуелсіздігін мойындау туралы жарлыққа қол қойды
Құжаттар құқықтық ақпарат ресми интернет-порталында жарияланды
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Херсон және Запорожье облыстарын тәуелсіз аумақтар деп тану туралы жарлыққа қол қойды.
Құжаттар құқықтық ақпарат ресми интернет-порталында жарияланды.
Халықаралық құқықтың жалпылай қабылданған қағидаттары мен нормаларына сәйкес, БҰҰ Жарғысында бекітілген халықтардың тең құқықтары мен өзін-өзі билеу принципін растай отырып, мен 2022 жылғы 27 қыркүйекте өткен референдумдағы Херсон облысы халқының еркін ескере келе, Запорожье/Херсон облысының егемендігі мен тәуелсіздігін мойындау туралы шешім қабылдадым, - делінген құжаттарда.